200-ге жуық қазақстандық азамат Үндістаннан қайта алмай отыр
Жарияланған күні:
Делидегі Қазақстан елшісі Болат Сәрсенбаев қазақстандық азаматтардың Үндістан мен Пәкістан арасындағы кикілжіңге байланысты үнді жерінен шыға алмай қалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұл ақпаратты Сәрсенбаев сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram-арнасына берген сұқбатында айтып берді.
Елшінің сөздерінше, соңғы уақытта Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери қақтығыстар ушығып кеткен. Осыған байланысты әуе жолдарының жабылғанын жеткізді.
Қазақстандық әуе компанияларының бірнеше рейсін кейінге қалдырды.
"2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 304 жолаушыны аттандыру мәселесі шешілмеген. Соның ішінде 170 адамды 1 наурыз күні Дели-Алматы бағыты бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясының рейсімен алып келу жоспарлануда", - деп түсіндірді Сәрсенбаев.
Еске сала кетсек, 27 ақпанда шетел ақпарат құралдары Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін хабарлады. Соған байланысты аталған елдердегі әуе жолы жабылған болатын.
Кеше, 28 ақпанда Алматы халықаралық әуежайына Делиден ұшып келген әуе көлігі қонды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781373-200-ge-zuyk-kazakstandyk-azamat-ndistannan-kajta-almaj-otyr/