jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    200-ге жуық қазақстандық азамат Үндістаннан қайта алмай отыр

    : Facebook

    Делидегі Қазақстан елшісі Болат Сәрсенбаев қазақстандық азаматтардың Үндістан мен Пәкістан арасындағы кикілжіңге байланысты үнді жерінен шыға алмай қалғанын айтты. Бұл туралы

    KAZ.NUR.KZ

    хабарлайды.

    Болат Сәрсенбаев. Фото: mfa.gov.kz
    Болат Сәрсенбаев. Фото: mfa.gov.kz: Depositphotos

    Бұл ақпаратты Сәрсенбаев сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram-арнасына берген сұқбатында айтып берді.

    Елшінің сөздерінше, соңғы уақытта Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери қақтығыстар ушығып кеткен. Осыған байланысты әуе жолдарының жабылғанын жеткізді.

    Қазақстандық әуе компанияларының бірнеше рейсін кейінге қалдырды.

    "2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 304 жолаушыны аттандыру мәселесі шешілмеген. Соның ішінде 170 адамды 1 наурыз күні Дели-Алматы бағыты бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясының рейсімен алып келу жоспарлануда", - деп түсіндірді Сәрсенбаев.

    Еске сала кетсек, 27 ақпанда шетел ақпарат құралдары Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін хабарлады. Соған байланысты аталған елдердегі әуе жолы жабылған болатын.

    Кеше, 28 ақпанда Алматы халықаралық әуежайына Делиден ұшып келген әуе көлігі қонды.

    200-ге жуық қазақстандық азамат Үндістаннан қайта алмай отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.