RU

Семей мен Степногорск атауын өзгертуге қатысты әкімдік жауап берді

Степногорск пен Семей қалаларының әкімдігі шаһар атауын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Семей, фото: arnapress.kz
Семей, фото: arnapress.kz: Facebook

Семейдің атауын Әлихан Бөкейхановтың құрметіне, ал Степногорскті Мол-Қала деп ауыстыру ұсынылған.

Семей әкімдігінің хабарлауынша, қала атауын өзгерту қиын және ұзаққа созылады.

Сондай-ақ, ешқандай ресми ұсыныс түспегенін атап өтіп, 2007 жылы Семипалатинск деген қала атауы Семей болып ауыстырылғанын еске сала кетті.

Степногорск әкімдігі де "қала атауы Мол-Қала болып ауыстырылады" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Әкімдіктің айтуынша, өзгерту туралы мәселе қарастырылмайды.

Қала билігі шаһар атын ауыстыру туралы хабар қауесет екенін алға тартты.

Айта кетейік, Семей мен Степногорск атауын өзгерту туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785519-semej-men-stepnogorsk-atauyn-zgertuge-katysty-kimdik-zauap-berdi.html