RU
Нұр-Сұлтанда тоғыз жасар қызды үйіне дейін аңдып, зорлаған ер адам 17 жылға сотталды

Нұр-Сұлтанда тоғыз жасар қызды үйіне дейін аңдып, зорлаған ер адам 17 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда тоғыз жасар мектеп оқушысын аңдып жүріп зорлаған 52 жастағы ер азамат 17 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Еуразия телеарнасы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Соттағы мәлімет бойынша, қылмыскер 2006 жылы осындай қылмыс жасап, түрмеге түскен. Ол сотталғанға дейін кран жүргізушісі болыпты.

2018 жылдың күзінде жазасын өтеп шыққан 52 жастағы ер азамат екі ай өтпей жатып бұрынғы әдетіне қайта басып, мектеп оқушысын аңдып жүріп, зорлаған.

"Сот Қазақастанның Қылмыстық кодексінің баптарына сүйене отырып үкім шығарды. Нұрмағанбетов Қайрат Ахметжанұлы Қылмыстық кодекстің 121 бабының 4-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп табылсын.
Оған 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас.

Судьяның айтуынша, қылмыскер шала мас күйде қыздың соңынан үйіне дейін еріп барған. Есік ашылған соң, ішке бірге еніп 9 қабатқа көтерілген.

Үйде кім бар екенін білу үшін, қоңырауды басқан. Есік ашқан қыздың анасын көрген ол пәтерді шатастырып алғанын айтып, 8 қабатқа түскен.

Әйел жұмысқа кеткен соң, есікті қайта қағып, жеткіншекке "сантехникпін, құбырларды жөндеуім керек" деп айтыпты. Осындай құйтырқы әрекет арқылы пәтерге кірген ол арам ойын жүзеге асырып, тайып тұрған.

Ер азамат соттың үкімімен келіспейтінін айтты.

"Мен бәрін мұқият тыңдадым. Бірақ үкіммен келіспеймін. Өткен сотта маған тағылған айыптарды мойындамайтынымды айтқанмын. Көптеген дәлелдер үйлеспейді. Осы жолы әділ шешімге үміттенген едім", - деді қылмыскер.

Жәбірленуші тарап адвокатының айтуынша, қылмыскердің құрбаны болған қыз мектеп үйіне жақын болғандықтан жаяу барып жүрген.

Ол мектеп оқушысының жағдайы тұрақты болғанымен, қатты шошып қалғанын алға тартты.

"Қазіргі уақытта жасөспірім мектепке барып, сабағын оқып жүр. Бірақ психологиялық зардап келді оған. Өйткені, жасы келген адам осындай сексуалдық іс-әрекет жасағаннан кейін кез келген адамның миында қалып кететін нәрсе", - деді адвокат Нұрлан Пернебеков.

Сіздің реакцияңыз
5
4
14
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel