Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ләззат алмадым": Семейлік әйел төсекте әлсіз болғаны үшін күйеуінен кетіп қалған

Опубликовано:

Айару есімді Семей тұрғыны отбасы құрғанына аз уақыт болмаса да, жеті жылдың ішінде күйеуіне бірде бір рет көңілі толмағанын жайып салды. Келіншек ойланбастан ажырасуға бел буған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: allmandlaw.com
Фото: allmandlaw.com: UGC

Айарудың айтуынша, ол күйеуіне он сегіз жасында тұрмысқа шыққан.

Алып қашудың құрбаны болған бойжеткен бұрын-соңды ешкіммен қарым-қатынас құрып көрмегенін алға тартты.

"Ол мені он сегіз жасымда алып қашты. Шынымды айтсам, күйеуімнің алдында ешбір жігітпен қарым-қатынас құрып көрмеген едім. Алып қашқан соң ойлануға да мұршам болмады. Оның үстіне болашақ жұбайымды ұнаттым. Бірақ бәленің бәрі тұрмысқа шыққаннан кейін басталды", - дейді келіншек.

Айару өзі ұнатып қосылған жарымен төсекте ләззат ала алмағанын айтты. Дәл осы үшін ол күйеуінен суып кеткен екен.

"Күйеуім жақсы адам. Екеуіміздің сүп-сүйкімді екі ұлымыз бар. Оның туған-туысын да сыйлаймын. Десе де, жұбайыммен осы жеті жыл ішінде ләзаттың дәмін сезіп көрген емеспін. Осы бір мәселе қабырғамды қайыстырады. Екі ұлымды босансам да, әлі күнге дейін төсектің қадірін түсінген емеспін. Жүйкем тозды. Осы себепті күйеуіммен жиі жанжалдасатын болдым", - деп шерін тарқатты ол.

Келіншек төсек қатынастың ерлі-зайыптылар өмірінде елеулі рөл атқаратынын, ажырасуға себеп бола алатынын алға тартты.

"Мен күйеуіммен енді бірге бола алмайтынымды түсіндім. Бір-бірімізді ұстап тұрудың мәні жоқ. Енді өмірді жаңадан бастаймын", - дейді кейіпкеріміз өз сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788935-avpfpapapapa/

pixel