Сахнадан көрінбей кеткен Жанар Хамитова 11 жылдан кейін шындықтың бетін ашты
Жарияланған күні:
Осыдан 14 жыл бұрын "Superstar.kz" байқауында финалист атанып, "Арнау" тобының мүшесі болған Жанар Хамитова сахнадан алыстап кеткен еді. Әнші араға 11 жыл салып алғаш рет "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бой көрсетіп, жеке өміріне қатысты құпияның бетін ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жанар Хамитованың қазіргі таңда бұрынғы күйеуінен екі баласы бар. Әншінің балалары әкелерінің қолында өсіп келеді екен.
"Өмірде барлығы болады. Жас болдық, мас болдық. Өмірде барлығы болады енді. Келді, келмеді енді әр адам өздері біледі. Өзімнің екі балам бар туған. Құдайдан сұрап алған екі балам бар. Көп отаны бастан өткіздім. Осы екі балам болмаса, мен бұл жерде отырмас едім. Балаларымның есімі - Даниль және Джамал", - дейді әнші.
Бағдарламада Жанар бұрынғы күйеуімен қалай танысқанын да баяндады. Айтуынша, ол болашақ жарымен кездейсоқ танысып, бір кездесуде-ақ тұрмысқа шығуға келісімін берген.
"Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, керемет ер адам. Біз онымен танысып, екі сағат өткеннен кейін "Сен әйел боласың. Ана боласың. Балаларды өмірге әкелсін" деді. Мен ол әзілдеп тұр деп ойладым. Маған сол сәтте қолдау керек болды. Ол кезде 18-19 жаста болдым. Ал ол кісі биыл 42-ге келеді", - дейді Жанар Хамитова.
Алайда әнші мен жұбайының қарым-қатынасы ұзаққа созылмаған. Екі бала өмірге келгеннен кейін олар ажырасып кеткен.
"Ол мені адам болуға үйретті. Осы үшін ол кісіге алғыс айтамын. Бірақ ажырасу жайлы шешімді жалғыз өзім қабылдамаймын ғой. Бірақ бұл оқиға менің туыстарымның арасында дау туғызды. Неге ажырастың? Неге? Бірақ мен емес, өмір солай болды. Ешқандай жаман нәрсе айта алмаймын.
Егер мен сол сәтте тұрмысқа шықпағанымда, менің тірі болмауым да мүмкін еді. Ол кісі менің барлық оталарымның ақысын төледі. Ол кісі екеуміз Амстердамда, Голландияда, Алматыда тұрдық.
Қазір балаларым әкесімен бірге. "Егер ұл болса, балалар әкесінде қалады" деп біз екеуміз әуел бастан келіскенбіз", - дейді Жанар Хамитова.
Айта кетейік, сахнаға белгілі әнші Нұржан Керменбаевпен бірге қадам басқан болатын.
Өнер жолындағы тізгіні қысқа болған әнші енді жаңа туындыларды жарыққа шығарып, көрермендер алдына қайта оралмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789329-sahnadan-krinbej-ketken-zanar-hamitova-zeke-miri-zajly-bar-syndykty-zajyp-saldy/