Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстіктен қыз алған шымкенттік жігіт отбасының қалай ойран болғанын айтып берді

Жарияланған күні:

Солтүстіктің қызына үйленген шымкенттік жігіт бір жылдан соң жарымен ажырасып тынған. Әйелінен әбден көңілі қалған азамат KAZ.NUR.KZ тілшісіне шаңырағының қалай шайқалғанын айтып берді.

Көрнекі фото: TVNET Rus
Көрнекі фото: TVNET Rus: Instagram

25 жастағы жігіт бүгінде елордадағы құрылыс компанияларының бірінде жұмыс істейді.

Оқуын аяқтаған соң солтүстіктің қызымен танысқан ол кейін оған үйленемін деп шешім қабылдайды.

Алайда ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірі ұзаққа бармай, олар небары бір жылдан кейін ажырасып кеткен.

Ер адам отбасының ойран болуының басты себебі – менталитеттің әр түрлілігі дейді.

"Астанаға оқуға түсіп, осында бітірген соң бірден жұмысқа тұрдым. Ата-анам Шымкентте, өзім де қаланың өзінде туып-өскенмін. Айжанмен (ред. аты-жөні өзгертілді) оқу бітірген жылы таныстым.

Бір жылдай жүріп, кейін үйленетін болып шештік. Солтүстіктің қызы болғанымен, ол біз жақтағы салт-дәстүрдің бәрінен хабардар болған.

"Салт-дәстүрді ұстанамын, орамал тағып, сәлем саламын" деген ол үйленгеннен кейін осы сөздерінен айнып шыға келді. Ата-анам бізге келген сайын, олардың алдында орамал тағып жүру дегенді білмеді, шымқалаға бара қалсақ, үлкендерге сәлем салмайтын болды.

Одан қалса, қабақ шытып, мінезін көрсететінді шығарды. Қысқасы дәм-тұзымыз жараспады, екі жыл бұрын жолымыз екі айырылды", - дейді азамат.

Сөз соңында ол үйлену туралы шешімді асықпай қабылдап, барынша өзіңді түсінетін, туып-өскен жеріңнің менталитетіне жақын жерден қыз алған дұрыс деп кеңесін айтты.

"Отбасылық өмірде менталитетке көп нәрсе байланысты болады екен. Сондықтан, жігіттерге айтар кеңесім: жаныңызға жақын, сізді түсініп, сізбен бірдей ойлайын қызға үйленіңіздер. Жалпы отбасын құру мәселесіне асықпау керек. Себебі үйлену оңай болғанымен, үй болу қиын", - дейді жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791109-soltstikten-kyz-algan-symkenttik-zigit-otbasyny-kalaj-ojran-bolganyn-ajtyp-berdi/