"Новая волна": Ержан Максим мен Алсудың қызы бірге ән шырқады
Жарияланған күні:
Ержан Максим мен Алсудың қызы Микелла Абрамова "Новая волна" байқауында бірге өнер көрсетті. Олар сахнада "Это любовь" әнін орындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық байқау Қырымда болды.
Мерекелік шара барысында "Голос. Дети" шоуының алтыншы маусым финалистері Ержан мен Микелла қонақ болып өнер көрсетті.
Жас әншілер "Это любовь" композициясын бірге шырқады.
Айта кетейік, аталған туынды қос әртіске бірнеше апта бұрын арнайы жазылды.
Teleprogramma.pro басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, ресейлік жұлдыздың қызы Ержанмен бірге ән айтуды Алсумен ақылдаса отырып шешкен.
Көрермендер екі жас орындаушының вокалдық қабілеттерін жоғары бағалады.
Еске сала кетсек, қазақстандық әнші Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды.
Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған еді.
Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалар әділетсіздікке теңеді.
Сондай-ақ, отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.
16 мамырда Бірінші арнаның сайтында байқаудың нәтижелері жойылатыны жайлы ақпарат пайда болды.
Ал 24 мамырда өткен шоудың арнайы шығарылымында финалистердің барлығы жеңімпаз деп танылып, бір миллион рубльге ие болды.
Олардың қатарын да Ержан Максим де бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796972-novaa-volna-erzan-maksim-men-alsudy-kyzy-birge-n-syrkady/