Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

46 жыл бойы түрмеде өлім жазасын күткен жапониялық азамат кінәсіз болып шықты

Жарияланған күні:

Жапонияда 46 жыл бойы түрмеде өлім жазасын күткен жапониялық азамат ақталып шықты. Ивао Хакамада түрмеде 46 жылын, оның ішінде 34 жыл уақытын жеке камерада өткізген. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

2014 жылы 78 жасында кінәсіз деп танылып, бостандыққа шыққан Хакамаданың денсаулығы сыр берген.

34 жыл жеке камерада сыртқы әлеммен байланыспай, күнде өлім жазасын күтіп, тағдырынан бейхабар болған азаматтың ішкі жан дүниесі де күйзеліске ұшыраған екен.

Ивао Хакамада жарты ғасырға жуық темір тордың ар жағында отырып, Жапониядағы сот пен полиция жүйесі қатігездігінің нышанына айналды. Ал 2011 жылы өлім жазасын ең ұзақ күткен азамат ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

50 жыл бұрын Хакамада кәсіби боксшы ретінде өз елінде үлкен танымалдылыққа ие болған. Алайда, азамат ойда-жоқта 1966 жылы 30 маусым күні жасалған қылмысқа кінәлі деп танылады.

Сол күні бұршақ пастасын өндіретін компанияның иесі өз үйінде өлі күйінде табылған. Одан бөлек, қылмыскер кәсіпкердің әйелі мен екі баласын өлтіріп, артынша үйді өртеп жіберген.

Бұл істе басты күдікті компания қызметкері Ивао Хакамада болып шықты. Себебі, зауытта қайтыс болған адамның қаны шашыраған көйлек табылған. Тергеушілердің ақпараты бойынша, ол Хакамадаға тиесілі болған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

1968 жылдың қыркүйек айында Сидзуоке соты Хакамадаға дарға асу түріндегі жаза бекітеді. Бұл жазаны тағайындау үшін олар Иваоны тоқтаусыз қинап, кінәні мойнына алдырады.

Артынша сотталушы жанұясы мен қорғаушынына өзінен 23 күн жауап алғанын айтады. Оның сөзінше, ешкім оған қорғаушы жалдауға мүмкіндік бермеген, ал жауап алу кезінде мойындау туралы қағазды жазуды талап етіп, дәретханаға да жібермей қойған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Келесі бірнеше онжылдықтар бойы Хакамада өз ісін қайта қаратуға тырысады. Алайда, 1980 жылы елдің соты үкімнің заңдылығын растап қояды.

Үш жылдан соң Хакамада ұлына "Мен сендерге әкелерің ешкімді өлтірмегенін дәлелдеймін. Мұны полиция да, іс жүргізген соттар да біледі. Мен бұл темір шынжырды үзіп, сендерге қайта ораламын", - деп жазған.

Иваоны босату үшін оның әпкесі Хидеко да 46 жыл бойы күрескен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Араға бірнеше уақыт салып, жеке камерада көп уақыт болған соң сотталушының жүйкесіне зақым келе бастайды. Ол ойын дұрыс жеткізе алмай, жақындарымен кездесуден бас тартуды әдетке айналдырады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Ивао түрмеде отырғанына 44 жыл уақыт болғанда Хидеко ДНҚ сараптаманың нәтижесін алады. Осылайша, ол табылған көйлектегі қан ағасына тиесілі емес екенін дәлелдейді. Кейіннен іс қайта қарауға жіберіліп, үш жылдан соң 2014 жылы Ивао түрмеден босатылады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Ол темір тордан шыққанда тек жақындары емес, БАҚ өкілдері де күтіп алған. Азаматтың қалыпқа келіп, қайтадан күлуі үшін біршама уақыт пен төзім қажет болыпты.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797344-46-zyl-bojy-trmede-lim-zazasyn-ktken-zaponialyk-azamat-kinsiz-bolyp-sykty/