Экзитпол: Тоқаев сайлаушылардың 70% даусын жинады
Жарияланған күні:
Қазақстандағы президенттік сайлау 9 маусымда өтті. Орталық сайлау комиссиясындағы "Қоғамдық пікір" қоғамдық бірлестігі сайлаудың алдын-ала қорытындысын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қорытындыны "Қоғамдық пікір" институты кеңесінің төрайымы әлеуметтану магистрі Айнұр Мәжитова айтты.
Экзитполдың нәтижесі бойынша, 2019 жылғы президент сайлауында Nur Otan партиясынан үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев 70, 13% дауыспен жеңіске жетті.
Екінші орында "Ұлт тағдыры" біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов - 15,39%.
Үшінші орын - "Ақ жол" партиясынан үміткер Дания Еспаева-5, 32%.
Одан әрі ҚКХП атынан үміткер Жамбыл Ахметбеков-3,86%, Кәсіподақтар федерациясынан кандидат Амангелді Таспихов-1,41%, "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігінен кандидат Садыбек Түгел - 0,86% дауыс жинаған.
9 маусым күні "Қоғамдық пікір" институты сайлау учаскелерінен шығу кезінде азаматтарға экзитпол - сауалнама жүргізді. Интервьюерлер 325 учаскеде сұралды. Олардың 97-і облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, 94 – і шағын қалаларда, 134-і ауылдық округтерде жауап берді.
Экзитпол үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым болып табылатын "Елтірегі" заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша өткізілді.
Сондай-ақ, өзге қортындымен "Жастар"ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС директоры Талғат Қалиев бөлісті.
Спикердің мәліметінше, "Нұр Отан" партиясы атынан президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақстандықтардың 69,94%-ы дауыс берген.
ҚКХП атынан президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков 3,116 % дауыс жинаса, жалғыз үміткер әйел -"Ақ жол" партиясынан үміткер Дания Еспаева - 4,78 %, Әміржан Қосанов "Ұлт тағдыры"-14,96 %, Төлеутай Рахымбеков - 2,71%, "Ауыл" партиясынан үміткер-Амангелді Таспихов - 2,63%, "Ұлы дала қырандары" қозғалысынан үміткер Сәдібек Түгел --1,92 % дауысқа ие болды.
Талғат Қалиевтің мәліметі бойынша, жалпы республика бойынша 12 мың сайлаушы сұралған. Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан 300 сайлау учаскесінен ақпарат жиналған.
Сайлаудың алдын-ала қорытындылары 10-11 маусымда жариялануы тиіс. Президентті тіркеу 16 маусымнан кешіктірілмей өтеді.
Еске сала кетейік, сайлау учаскелері 9 маусымда таңғы сағат 7-де есігін ашты. Дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Осыдан кейін ОСК дауыстарды санауды бастады.
Сондай-ақ, тізімге енгізілген сайлаушылардың 77% сайлау бюллетеньдерін алғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798695-exit-poll-kazakstandagy-prezident-sajlauyny-aldyn-ala-korytyndysy-zarialandy/