20:00-ге дейін қазақстандықтардың 77 пайызы дауыс берген
Опубликовано:
Орталық сайлау комиссиясы кешкі сағат 20:00-де дейін қазақстандықтардың 77 пайызы дауыс бергенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 77 % сайлау бюллетеньдерін алған.
Алматы қаласында – 52,2% Шымкентте –67,1%, Нұр-Сұлтан қаласында – 68,3% тұрғын дауыс беріп үлгерген.
Өңірлер бойынша дауыс беруге қатысу көрсеткіші бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Ондағы тұрғындардың 89%-ы дауыс берді.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы – 84,6 %, Шығыс Қазақстан облысы - 84,5% мен Түркістан облысы - 84,8% көрсеткішімен үздік үштікке ілінді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798673-2000-ge-dejin-kazakstandyktardy-77-pajyzy-dauys-bergen/