RU

Арыс тұрғындарын қайда эвакуациялап жатқаны белгілі болды

Шымкент қаласындағы 15 бекетте Арыс қаласынан эвакуацияланғандарды қабылдап жатыр. Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан скриншот/zhasalash.kz
Фото: Видеодан скриншот/zhasalash.kz: Facebook
  • Зерделі көшесіндегі Ж.Жабаев атындағы гимназия мектебі,
  • С.Алпысбаев көшесіндегі Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп,​
  • Аманжол көшесіндегі саңырау балаларға арналған мектеп интернаты,
  • Құрманбеков көшесіндегі К.Қасымов атындағы мектеп,
  • Тұрлан шағынауданындағы №55 жалпы орта мектеп,​
  • Қазығұрт шағынауданындағы №66 мектеп,​
  • Қызылжар шағынауданындағы​ Хамза атындағы жалпы орта мектебі,​
  • Ынтымақ шағынауданындағы №54 мектеп,
  • Жиделі көшесіндегі №60 мектеп,​
  • Ақтас шағынауданындағы №61 мектеп,​
  • Қатынкөпір мөлтек ауданындағы №56 мектеп,​ ​
  • Мангельдин көшесіндегі А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп,​
  • Ақжар тұрғын алабы Мұратбаев көшесіндегі №122 мектеп,​
  • Назарбеков атындағы №87 мектеп,
  • Тұрдалы көшесіндегі Көкбұлақ мектебі.

Аталған бекеттерге арыстықтардың алғашқы легі келіп жайғастырылды.​

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс орын алды. Зәресі ұшқан жергілікті тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайда зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Оған қоса, жарасқа орай Арыс қаласында арнайы медициналық штаб құрылды. Ал өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев халықты сабыр сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801242-arys-trgyndaryn-kajda-evakuacialap-zatkany-belgili-boldy.html