Түркістан облысының әкімі халықты сабыр сақтауға шақырды
Опубликовано:
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды сабырлы болуға шақырды. Облыс өкімі қалада толық эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Арыстағы жарылыс: Түркістан облысының әкімі сабыр сақтауға шақырды Арыстағы жарылыс: Түркістан облысының әкімі сабыр сақтауға шақырды](https://cdn.nur.kz/images/1120/f6cd3a0b475bac09.jpeg)
"Аудан әкімдеріне тұрғындарды эвакуациялауға жағдай жасау жөнінде тапсырма берілді. Олар сол мәселені шешеді. Барлық аудандар жұмысқа атсалысуда. Барлық бағытта колонналар жүріп, адамдарды жинайды. Аудан әкімдері тұрғындарды орналастырумен айналысады", - деді Шөкеев.
Айта кететін жайт, Арыс қаласының жұртшылығына көмектесуге Шымкенттен адамдар аттанған. Қала тұрғындары өздерімен бірге су мен азық-түлік апара жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.
Бұл жағдай қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.
Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.
Орын алған төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында арнайы медициналық штаб құрылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801233-arystagy-zarylys-trkistan-oblysyny-kimi-sabyr-saktauga-sakyrdy/