Қорғаныс министрі Арыс қаласына ұшып кетті
Жарияланған күні:
Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасы жарылған Арыс қаласына ұшып кетті деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев орын алған жайттың мән-жайын анықтап, шаралар қабылдау үшін оқиға орнына аттанып кеткені хабарланды.
Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.
Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан адамдар жаппай қаладан кете бастады.
Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801248-korganys-ministri-arys-kalasyna-syp-ketti/