RU
Арыстағы жарылыс: Зардап шеккендердің көбі жарқыншақ және күйік жарақаттарын алған

Арыстағы жарылыс: Зардап шеккендердің көбі жарқыншақ және күйік жарақаттарын алған

Рассказать Вконтакте

Күні кеше, Арыстағы әскери бөлімше аумағында орын алған жарылыс жергілікті тұрғындардың жарақаттануына себепші болды. Зардап шеккендердің басым көпшілігі дәрігерлерге жарқыншақ және күйік жарақатымен жүгінген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Оқиғадан зардап шеккендер өзін нашар сезініп, снарядтар жарылысының нәтижесінде алған түрлі дене жарақаттарымен қалалық клиникаларға жүгінген.

Дәрігерлер олардың көбісі сынық пен күйік жарақатын алғанын жеткізді. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, оларға жүгінген тұрғындардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендердің жағдайы ауырлығы бойынша орташа деп бағалануда.

Дәрігерлер зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Айта кетейік, олардың ішінде бес бала бар.

Медицина қызметкерлері бір балақайды тексерістен соң, бірден үйіне жіберді. Қалғандары мамандардың жіті бақылауында болмақ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті халықты видеоға түсіріп, желіге жариялап жүрген жерлердің мекен-жайын хабарлауын өтінді. Бұл өз кезегінде зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуге өз септігін тигізбек.

Оған қоса, өңір басшысы облыста екі үлкен госпиталь жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Олар Ордабасы және Отырар аудандарында орналасқан.

Шөкеевтің сөзінше, барлық "жедел жәрдем" қызметі осы клиникаларда болса керек.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетейік, бұған дейін соңғы әліметтер бойынша зардап шеккендердің саны 52 адамға жеткені хабарланған.

Оған дейін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдайдан 30-дан аса адамның ауруханаға түскенін мәлімдеген.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel