Арыстағы жарылыс: 30-дан аса адам ауруханаға түскен
Опубликовано:
Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында Арыстағы жарылыс салдарынан зардап шеккендер туралы ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күні медициналық мекемеге 31 жәбірленуші түсті. Нақты ақпарат анықталуда", - деді ол.
Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.
Бастапқыда, оқиғадан онға жуық адам зардап шеккені хабарланған болатын.
Кейінірек жарақат алғандардың саны 40-тан асқаны белгілі болды.
Олардың 19-ы Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасына түссе, тағы 23 адам түрлі жарақаттармен Түркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801322-arystagy-zarylys-30-dan-asa-adam-auruhanaga-zatkyzyldy/