Выйти
RU

Жарылыс болған күні Арыста неге ұялы байланыс істен шықты?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Арыста оқ-дәрі жарылып, төтенше жағдай орын алғанда ұялы байланыс негекідіріспен істегенін түсіндіріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарылыс болған күні Арыста неге ұялы байланыс істен шықты?

Асқар Жұмағалиев Фото: primeminister.kz

Министрдің сөзінше, ТЖ болған күні ұялы байланыс қызметінде кідірістер болуына электр қуатында туындаған қиындықтар себеп болған.

"Электр қуатының берілуі тоқтаған кезде, олар аккумуляторлардың көмегімен істей бастаған. Алайда олар ұзақ жұмыс істеуге арналмаған. Сондықтан ұялы байланыста кідірістер болды", - дейді Асқар Жұмағалиев.

Шенеунік қазір Арыста байланыс жартылай ғана істеп тұрғанын атап өтті. Мамандарға қалаға кіруге мүмкіндік берілген кезде ғана ол қалпына келтірілмек.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза болған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстанекі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жарылыс болған күні Арыста неге ұялы байланыс істен шықты?