RU
Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы апатты жағдайға байланысты қала тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Kazakh.tv

Фото: Kazakh.tv

Аталмыш жаңалықы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли көпке мәлім етті. Ол өзінің Facebook парақшасында:

"Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды.

Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылды", - деп жазды.

Айта кетейік, кеше Арыста бірнеше жойқын жарылыс орын алып, қала тұрғындары шаһардан жаппай көшілірген еді.

Ішкі істер министрлігі бүгінде апаттан екі адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

Күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа өзі барып, қала тұрғындарының жай-күйін біліп қайтқан еді.

Сондай-ақ ол жойқын жарылыстан зардап шеккендер үйлерді аралаған еді.

Ал бүгін Премьер-министр Асқар Мамин жарылыстан екі адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
12
1
0
0
2
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel