Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Арыста екі адамның қалай көз жұмғанын айтты

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі Арыста қаза тапқан екі адамның қалай көз жұмғанын хабарлады. Бұл туралы үкімет отырысынан кейін, ІІМ вице-министрі Юрий Ильин айтып берді деп жазады ҚазАқпарат.

Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz: Twitter

Министрлік өкілі үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген.

"Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. Оның бірі Арыс қаласының тұрғыны. Снаряд автокөлікке түсіп, оның ішіндегі адам көз жұмды. Мерт болған адамның екіншісі - Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі. Оның денесі іздеу жұмыстары кезінде әскери бөлімнен жақын жерден табылды" , - Юрий Ильин.

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі уақытта оқиға орнында саперлер жұмыс жүргізуде.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801427-iim-arysta-eki-adamny-kalaj-kz-zmganyn-ajtty/

pixel