jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Анамның шашынан сүйрейді": Әкесінің қорлығына шыдай алмаған қыз жан сырын ақтарды

    : Twitter

    Әкесінің қорлығына шыдай алмай жүрген 18 жастағы қыз жан сырымен бөлісті. Ол кішкентайынан бері үйінде тек қана айғай мен ұрысты көріп келеді деп жазады"Алаш айнасы".

    Көрнекі фото: anews.com
    Көрнекі фото: anews.com: Twitter

    Бойжеткеннің айтуынша, әкесі өзіне айқайлай береді екен.

    "Менен кейін інім бар, ол қатты қорқып қалған, оған да айқайлап тастайды. Ешқашан бізді еркелетіп, "балам, қызым" деп басымыздан сипаған емес. Қабағы бір ашылмайды, өз үйімізде аяғымыздың ұшымен жүреміз. Артық сөйлесек болды, айқайлап өзімен-өзі жын ұрып шыға келеді. Балалық шағымда көргенімнің бəрі əлі көз алдымда. Анамды шашынан сүйреп, "газға күйдіремін" деп белбеумен ұрғаны, бəрі-бəрі есімде. Өте қызғаншақ, əркімнен қызғанады. Анама маза бермейді, жұмыстан келсе кіммен жатып келдің деп аузына келгенін айтады", - деді ол.

    Жанұя мүшелері отағасы мұндай әрекеттерін жасы келе қояды деп үміттеніпті.

    "Жасы біразға келді, қоятын шығар десек, жоқ. әлі сол күйі. Əлі күнге дейін қорлық көріп келеміз. Екеуі ажырасып, қайта қосылған. Қосылар кезде енді қолымның ұшын да тигізбеймін, ұрмаймын, тек балаларымның қасында отырсам болды деп сүмірейіп жылап келген. Бірақ, сөзінде тұрмады. Мен одан əрі шыдай алмаймын, шаршадым. Дəрі ішіп, өлгім де келген. Өліп-ақ қалар едім, бірақ анам мен інімді ойлап, алаңдаймын", - дейді бойжеткен.

    Өз өмірінен түңілген қыз анасына ажырасу туралы талай айтқан екен.

    "Анама ажырасуға арыз берші, кетейік десем, тындамайды, елге күлкі боламыз дейді. Əкем өз анасын да, ағаларын да тындамайды, бəрі ақылдарын айтып жатыр, бірақ дым нəтиже жоқ. Не істеймін? Қиналып кеттім, өмірдің еш мəні қалмады. Осындайды көргеннен кейін тұрмысқа шығуға да қорқамын. Сырымды ешкіммен бөлісе алмаймын",- деп түйіндеді ол.
    "Анамның шашынан сүйрейді": Әкесінің қорлығына шыдай алмаған қыз жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.