RU
Өзінен 20 жас үлкен бай адаммен бас қосқан әйел енді жас жігіттерді қалап жүр
Жаңалықтар Қоғам

Өзінен 20 жас үлкен бай адаммен бас қосқан әйел енді жас жігіттерді қалап жүр

Рассказать Вконтакте

Екі баланың анасы өзінен 20 жас үлкен азаматқа байлық үшін тұрмысқа шығып, араға бес жыл салған соң ісі үшін өкініп қалғанын айтты. Оның сөзінше, ол жас әрі сымбатты жігіттермен көңіл қосқысы келеді екен деп хабарлайды astana__forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

40 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққанын айтқан әйел бүгінде зәулім сарайда, дәулетті өмір сүріп жатқанын сөз етті.

Оның сөзінше, азаматы балалары мен өзінің сөзін екі етпейді екен.

"Жиырма жасымда 40-тағы азаматқа тұрмысқа шықтым. Отбасын құрғанымызға да көзді ашып-жұмғанша бес жыл толды. Екі баламыз бар.

Қазіргі уақытта 20 жасымда армандаған затымның бәрі бар. Гаухар тастар, үй қызметшілері, кереметтей сарай, саяхаттар - мұның бәрі мен үшін қалыпты дүние.

Күйеуім балаларды қатты жақсы көреді. Мені де ренжітпейді", - деп жазды ол.

Бес жыл отасқан жарын жақсы көрмейтінін айтқан әйел енді жас әрі сымбатты жігіттермен араласқысы келетінін жасырмады.

"Алайда одан жүрегім айнитын болды. Оны көрсем ашуланамын. Ешқашан ер азамат ретінде қызықтырған емес. Тек оның байлығына қызығып тұрмысқа шыққан едім.

Қазір қолымдағы байлық та көңілімді көншітпейді. Алтын тордағы құстаймын.

Ғашық болып, сымбатты жігіттермен араласқым келеді. Түнде қарны қампиған құбыжықпен жатқым келмейді.
Не істесем екен? Онымен ажырассам, бүкіл байлықтан айырыламын. Ал көзіне шөп сала алмаймын. Ол менің әр басқан қадамымды бақылайды", - деп ақтарылды келіншек.

Сіздің реакцияңыз
60
6
7
6
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel