RU

Министр Алматыда адамдарды көлікпен қағу оқиғасына қатысты жауап берді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы адамдарды көлікпен әдейі қағу оқиғасына байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі: Depositphotos

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаға қатысты екі автокөлік тұтқынға алынды.

"Автокөліктер бізде, оқиғаға қатысты күдіктінің бірі ұсталды. Қазір екінші күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, оқиғадан зардап шеккен үш адам қазір ауруханаларда жатыр. Олардың екеуі аяқ-қолдары сынып, бас сүйек-ми жарақаттарын алған.

"Қазіргі уақытта екі көліктің бірін басқарған жүргізуші ұсталды. Олар автокөліктерді оқиға орнына жақын маңда тастап кеткен. Қылмыстық іс шеңберінде әзірге күдіктілердің аты-жөндерін жария етпейміз", – деді министр.

Зардап шеккендердің алған ауыр дене жарақаттарына байланысты "Бұзақылық", "Кісі өлтіруге талпыну", сондай-ақ "мас күйде көлік жүргізу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде біреулердің адамдарды көлікпен әдейі қаққаны бейнеленген жантүршігерлік видео тараған болатын.

Сондай-ақ бұдан бұрын оқиғаға қатысты күдіктінің бірі ұсталғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1813207-ministr-almatyda-adamdardy-klikpen-kagu-okigasyna-katysty-zauap-berdi.html