Министр Алматыда адамдарды көлікпен қағу оқиғасына қатысты жауап берді
Опубликовано:
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы адамдарды көлікпен әдейі қағу оқиғасына байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаға қатысты екі автокөлік тұтқынға алынды.
"Автокөліктер бізде, оқиғаға қатысты күдіктінің бірі ұсталды. Қазір екінші күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр", – деді Ерлан Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, оқиғадан зардап шеккен үш адам қазір ауруханаларда жатыр. Олардың екеуі аяқ-қолдары сынып, бас сүйек-ми жарақаттарын алған.
"Қазіргі уақытта екі көліктің бірін басқарған жүргізуші ұсталды. Олар автокөліктерді оқиға орнына жақын маңда тастап кеткен. Қылмыстық іс шеңберінде әзірге күдіктілердің аты-жөндерін жария етпейміз", – деді министр.
Зардап шеккендердің алған ауыр дене жарақаттарына байланысты "Бұзақылық", "Кісі өлтіруге талпыну", сондай-ақ "мас күйде көлік жүргізу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде біреулердің адамдарды көлікпен әдейі қаққаны бейнеленген жантүршігерлік видео тараған болатын.
Сондай-ақ бұдан бұрын оқиғаға қатысты күдіктінің бірі ұсталғанын хабарлағанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813207-ministr-almatyda-adamdardy-klikpen-kagu-okigasyna-katysty-zauap-berdi/