"Алматыда адамдарды көлікпен таптап кетті": Жантүршігерлік видео пайда болды
Опубликовано:
Әлеуметтік желілерде көлік жүргізушісінің бір топ адамды қаққаны туралы видео пайда болды. Желі оқырмандарының сөзінше, оқиға Алматыда орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі almaty_chp тобында жарияланды.
Бірінші бейнежазбада оқиға жоғарыдан түсіріп алынған.
Кадрдан бірнеше жас жігіттерді көліктің қаққанын байқауға болады.

Екінші роликтен куәгердің шулы оқиғаны таспаға түсіргені көрінеді.
Тас жолға түсіп қалған көліктің мемлекеттік нөмірінен оқиғаның Алматы қаласында өрбігенін аңғару қиын емес.

Сондай-ақ, кадрдан үш ер азаматтың жерде жатқанынын, әйел адамның дәрігерді шақырып, айқайлағанын байқауға болады.
Куәгерлердің бірі оқиғаның таңғы сағат 4-те Гагарин мен Дружба көшелері қиылысында болғанын жеткізді.
Алматы қаласының полиция департаменті видео-жазбаның тексеріліп жатқанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812955-almatyda-adamdardy-klikpen-taptap-ketti-zantrsigerlik-video-pajda-boldy/