Аяғымен сурет салатын 27 жастағы мүгедек ару әлем назарын аударды
Жарияланған күні:
Вьетнамның Хюэ таулы аймағында тұратын 27 жастағы Хун Тхи Тхан туғанынан мүгедек. Ол өздігінен қозғала алмайды. Осыған қарамастан ол аяғының көмегімен сан түрлі суреттерді салады деп жазады Fishki.net сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Хун Тхи Тхан туғанынан жүре алмайды, тек 67 жастағы анасының көмегімен қозғалады. Суретші қыздың жалғыз қамқоршысы да, туысы да - анасы. Қарт әйел қызын жуындырып, тамағын беріп, киімін ауыстырады. Тіпті, көзінен таса қылмайды.
Қанша қиналғанымен Тхан өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Ол қолының мүлдем қозғалмайтынына қарамастан мейірім мен қуанышқа толы суреттерді аяғының саусақтары арқылы салады. Сурет - оның өмірініңі басты қуанышы.
Анасының "неге сурет саласың?" деген сұрағына Тхан "Мен саған күріш алуға, үйді жөндеуге және тағы көп нәрсежасауға көмектескім келеді" деп жауап беріпті.
Кейде арудың анасы оған суретіңді бірнеше вьетнамдық вонға саттым деп өтірік айтады. Осы арқылы ол қызының әрі қарай өмір сүруіне көмектеседі.
Тханның анасы бүкіл әлемге белгілі "Агент Оранж" (Agent Orange) газынан уланған. Бұл туралы өзі хабарсыз болған. Оны егіз қыздарын босанғанда бір-ақ білген. Туылған екі қызда мүгедек күйде болды. Тханның әпкесі босану кезінде шетінеп кеткен екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816117-aagymen-suret-salatyn-27-zastagy-mgedek-aru-lem-nazaryn-audardy/