jitsu gif

Аяғымен сурет салатын 27 жастағы мүгедек ару әлем назарын аударды

: Facebook

Вьетнамның Хюэ таулы аймағында тұратын 27 жастағы Хун Тхи Тхан туғанынан мүгедек. Ол өздігінен қозғала алмайды. Осыған қарамастан ол аяғының көмегімен сан түрлі суреттерді салады деп жазады Fishki.net сайтына сілтеме жасаған

KAZ.NUR.KZ.

Фото: boredpanda.com
Фото: boredpanda.com: Facebook

Хун Тхи Тхан туғанынан жүре алмайды, тек 67 жастағы анасының көмегімен қозғалады. Суретші қыздың жалғыз қамқоршысы да, туысы да - анасы. Қарт әйел қызын жуындырып, тамағын беріп, киімін ауыстырады. Тіпті, көзінен таса қылмайды.

Фото: boredpanda.com
Фото: boredpanda.com: Facebook

Қанша қиналғанымен Тхан өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Ол қолының мүлдем қозғалмайтынына қарамастан мейірім мен қуанышқа толы суреттерді аяғының саусақтары арқылы салады. Сурет - оның өмірініңі басты қуанышы.

Фото: boredpanda.com
Фото: boredpanda.com: Facebook

Анасының "неге сурет саласың?" деген сұрағына Тхан "Мен саған күріш алуға, үйді жөндеуге және тағы көп нәрсежасауға көмектескім келеді" деп жауап беріпті.

Фото: boredpanda.com
Фото: boredpanda.com: Facebook

Кейде арудың анасы оған суретіңді бірнеше вьетнамдық вонға саттым деп өтірік айтады. Осы арқылы ол қызының әрі қарай өмір сүруіне көмектеседі.

Фото: boredpanda.com
Фото: boredpanda.com: Facebook

Тханның анасы бүкіл әлемге белгілі "Агент Оранж" (Agent Orange) газынан уланған. Бұл туралы өзі хабарсыз болған. Оны егіз қыздарын босанғанда бір-ақ білген. Туылған екі қызда мүгедек күйде болды. Тханның әпкесі босану кезінде шетінеп кеткен екен.

Фото: boredpanda.com
Фото: boredpanda.com: Facebook

Аяғымен сурет салатын 27 жастағы мүгедек ару әлем назарын аударды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.