Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұлпар мініп, ту алған": Алматыда жыр жаттаған оқушылар арасындағы байқау мәресіне жетті

Жарияланған күні:

Бүгін, 28 қыркүйек күні "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Алматы қалалық әкімдігінің қоодауымен «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында мектеп оқушылары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Алматы қалалық кезеңі өтті. "Қобыланды батыр" жырын жатқа оқыған қатысушылардың ішінде қазылар алқасының жоғары ұпайына ие болып, топ жарған жеңімпаздар мен олардың тәлімгерлері ақшалай сыйлыққа ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Осымен екінші жыл өткізіліп отырған байқау өскелең ұрпақтың халық поэзиясына, қазақтың рухани асыл мұрасына деген қызығушылығын оятып, патриотизмге тәрбиелеу және елдік пен ерлік рухын дәріптеп, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулуды мақсат тұтады.

тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Биылғы додаға Алматы қаласындағы 100-ден аса мектептен барлығы 1100 оқушы және оларды дайындаған 600 тәлімгер қатысқан. Ал бүгінгі қалалық кезеңде 8 ауданнан үздік болып шыққан 24 оқушы бақ сынады.

тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Аталмыш жоба туралы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшының орынбасары Шегебек Қауымбаев өз пікірін білдірді.

"Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен жылы Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен басталған Алпамыс батыр жырын жатқа айтудан "Тұлпар мініп, ту алған" жобасы биыл ел көлемінде жалғасып, "Қобыланды батыр" жырын жатқа айтудан байқау бірқатар өңірлерінде өткізілуде.

Бүгінгі Алматы қалалық кезеңінің "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өтіп отырғаны да символдық мәнге ие.

тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Себебі жобаның мақсаты - қазақ ауыз әдебиетінің алтын өзегі батырлар жырын жастар арасында дәріптеу, өскелең ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, жігерін жану. Елдік пен ерлік, әділдік пен шыншылдық, батырлық пен жанашырлық секілді асыл қасиеттерді жастардың бойына дарыту.

Жобаға оқушылармен қатар оларды дайындаған мұғалімдер тарапынан қызығушылық артуда", - дейді Қауымбаев.
тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айта кетерлігі, үш кезеңге бөлінген қалалық байқауға нағыз әдебиетші мамандар, өз ісінің шеберлері әділ қазылық етті.

Атап өтер болсақ, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д. Кенжехан Матыжанов, Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы, ф.ғ.к. Мамай Ахетов, Әл Фараби атындағы ҚҰУ Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к. доцент, ақын Сағатбек Медеубекұлы, Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжі «Халық әні» бөлімінің меңгерушісі, Мәдениет саласының үздігі, әнші Талғат Әбуғазы, тележүргізуші, журналист, «Заң» медиа-корпорациясының басшысы Досымбек Өтеғалиев, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Қуаныш Жұмабекұлы оқушылардың өнерін бағалады.

тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
  • Байқаудың алғашқы сынында оқушылар жұптасып өнер көрсетті.

Әділ қазылар мен залға жиналған көпшілік алдына шыққан 12 жұп "Қобыланды батыр" жырының кез келген жерінен үзінді оқып, бірін-бірі жалғастырып отырды.

Олардың ішінде эпостық жырды мүдірместен судыратып оқығандары да, әдемі мақаммен, әртістік қабілетін көрсеткендер де, тіпті домбырамен сүйемелдеп, әуенге салғандар да болды.

тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
  • Қазылар қойған ұпай сандары бойынша екінші кезеңге өткен 12 оқушы әдебиет теориясы бойынша сұрақтарға жауап берді.

Айта кетерлігі, сұрақтар әр қатысушының қай сыныпта оқитынына байланысты арнайы таңдап алынды.

тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
  • Ал байқаудың үшінші кезеңіне билеттегі сұраққа және әділ қазылардың сауалына қатесіз жауап беріп, жоғары ұпайларды еншілеген 5 оқушы өтті.

Олар ақтық сында "Қобыланды батыр" жырындағы көнерген сөздердің мағынасын ашып, жырдың сол сөз кездесетін бөлігін жатқа айтты.

Әділ қазылар да, жанкүйерлер де финалға шыққан қатысушылардың сөз саптауына тәнті болып, жырдың үзіндісін оқуда жаңылмағанына риза болды.

тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Нәтижесінде, екі оқушы арнайы номинациямен марапатталып, үшеуі жүлделі орындар мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

"Тұлпар мініп, ту алған": Алматыда жыр жаттаған оқушылар арасындағы байқау мәресіне жетті

Сонымен бірге, жеңімпаздардың тәлімгерлері де назардан тыс қалмай, оларға қомақты қаражат берілді.

тұлпар мініп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819336-tlpar-minip-tu-algan-almatyda-zyr-zattagan-okusylar-arasyndagy-bajkau-mresine-zetti/