Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлды аңсаған шығар": Көпен Әмірбек Нұрғали Нүсіпжанов туралы ойын ашық айтты

Опубликовано:

Отандық белгілі сықақшы Көпен Әмірбек 82 жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты пікір білдірді. Ол өзінен 45 жас кіші аруды жар еткен әйгілі әншінің қайтадан отбасын құруына не себеп болуы мүмкін екенін айтты деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Көпен Әмірбек үйлену тойын дүркіретіп тойлап, ел арасында қызу талқыға қалған Нүсіпжановты толықтай қолдайтынын жеткізді.

"Нұрғали ағамыз 82 жасында үйленген соң, мен жарнамадан кете бастадым. Мен екінші, үшінші болып қалдым. Ол жақсы болды қайта.

Оның бұл шешімі өте дұрыс. Өйткені, ол кісіде бес қыз бар, ұлды аңсап жүрген шығар. Баяғыда Сексенбай мен Тоқсанбай деген аттар бекер қалмаған.

Қазір өзін күткен, таза ұстаған Нұрғали Нүсіпжанов ағамыздың күш-қуаты өзінің бойында деп ойлаймын. Ол кісі 82 жасында үйленсе, Сексенбай деген ұлы келе жатқан шығар, маңдайы жарқырап. Сондықтан, артынан ұрпақ қалдыру үшін Нұрғали аға осындай әрекетке барды деп ойлаймын" , - деді сықақшы.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші әйелге үйленгенін хабарлаған болатынбыз. 82 жасында отау құрған әншіні барша отандық жұлдыздар жаппай құттықтады.

Танымал әнші мен Жадыра Сейдештің некелесуі желіде қызу талқыға түскен. Бұл мәселеге қатысты бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов пікір білдірген болатын. Одан кейін жас айырмашылығы аса үлкен жұбайлар жайлы Жүрсін Ерман да өз ойын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822643-ldy-asagan-sygar-kpen-mirbek-nrgali-nsipzanov-turaly-ojyn-asyk-ajtty/

pixel