Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерлер не болып кеткен": Алимент төлемеу үшін екі баласынан бас тартқан әке көпті дүр сілкіндірді

Жарияланған күні:

Алимент төлемеу үшін, екі баласынан бас тартқан әке көптің жағасын ұстатты. Желідегі парақшалардың біріне бұрынғы күйеуінің аталмыш әрекетін жазған келіншек, ер адамнан мұндайды күтпегенін айтып, мұңын шақты. Ол тіпті оның қазіргі әйеліне мұндай азаматтан аулақ болуға кеңес берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
"Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Жан сырын екі баланың анасы astana_forum парақшасында ақтарған.

"Сәлеметсіздер ме, неден бастарымды білмей тұрмын. Бүгін менің отбасымда ешкімнің басына тілемейтін жағдай орын алды. Бүгін алимент төлемеу үшін, туған әкесі 9 және 5 жастағы балаларынан бас тартты.

Сондағы айтқаны: "Алимент оның өмірін реттеуге кедергі болады" екен... Еркектер не боп кеткен? Бірақ олай деп айтуға тіпті аузым бармайды. Сосын тағы айтқаны оның қазір жаңа әйелі бар екен, ол Көкшетаудан екен және оның екі қызы бар екен", - деп ағынан жарылған келіншек.

Ол бұрынғы күйеуінің жаңа әйеліне мұндай еркектен аулақ жүруге кеңес берген.

"Сізге айтар кеңесім, кеш болмай тұрғанда, одан қашыңыз. Бір қызығы ол тіпті заң жүзінде алиментін әлі төлеген де емес. Ажырасқанымызға бір жылдан астам уақыт өтті, бірақ одан көмек сұраған емеспіз", - деп күйінген екі баланың анасы.

Желі қолданушылары балалардың әкесін жаппай сынап тастаған. Олар:

"Ертең қартайғанда балалардың қадірін біледі", "Бекем болыңыз", "Балаларың аман болсын", "Қазіргі еркектер солай, жауапкершіліктен жұрдай" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822700-erler-ne-bolyp-ketken-aliment-tlemeu-sin-eki-balasynan-bas-tartkan-ke-kpti-dr-silkindirdi/