Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Перзентханадағы дау: Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы отсавкаға кетті

Опубликовано:

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен босады. Оның отсавкаға кеткенін өңірдің әкімдігі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәншүк Аймұрзиева. Фото : azh.kz
Мәншүк Аймұрзиева. Фото : azh.kz: UGC

Әкімдіктің мәліметінше, Мәншүк Аймұрзиева бүгіннен бастап қызметінен босады.

"Кінәлілердің барлығына қатысыты шара қолданылады. Денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын министр Елжан Біртанов Атырау облыстықденсаулық сақтау басқармасы басшысының облыс әкіміне жұмыстан босату туралы тиісті өтініш жолдағанын айтқан болатын.

Еске сала кетейік, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

Перзентхананың бас дәрігері адам өлтірді деген күдікпен тұтқындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822887-perzenthanadagy-dau-atyrau-oblystyk-densaulyk-saktau-baskarmasyny-bassysy-otsavkaga-ketti/

pixel