RU
Қайшы әлде пышақ: Баланың тұсауын немен кескен дұрыс (фото, видео)

Қайшы әлде пышақ: Баланың тұсауын немен кескен дұрыс

Рассказать Вконтакте

Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Оның дәлелі - нәресте шыр етіп өмірге келген сәттен бастап, есейгенге дейін орындалатын салт-дәстүрлер. Соның ішіндегі ерекшесі - тұсаукесер. Қазіргі уақытта осы дәстүрді орындау барысында еліміздің тұрғындары қайшы немесе пышақты қолданарын білмей әбігерге түсіп жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұсаукесер - табаны жерге тиіп, тәй-тәй басқан сәбидің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы болып табылады.

Қазақ халқы тұсауы кесілмеген бала сүріншек, өмірі кедергілер мен қиындықтарға толы болады деп сенген.

Сондықтан "ырымдап" осы дәстүрді міндетті түрде орындауға тырысты.

Қазіргі уақытта баланың тұсауын қайшымен немесе пышақпен кесетіні жасырын емес.

Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова осыған байланысты "Күретамыр" атты кітабында пікір білдірген.

"Бір-біріне кереғар, қарама-қарсы қайшының жүзі секілді баланың алдағы өмірі қайшыланып, кедергілер көп болмасын деп қазақ қайшымен кесуді жөн көрмейді. Бұл да жай емес, тіршілік тәжірибесінен алынған", — деді ұлт жанашыры.

Ахметова қазақ халқы неге баланың тұсауын пышақпен кескенін де түсіндіріп өтті.

"Жақсылық болып, басына бақ қонғанда асып-тасып асылық жасамасын, қиындықта жасып басылмасын, өмірдің күнгейі мен көлеңкесінен тең өтсін" деп баланың аяғына тұсалған ала жіпті пышақпен шорт кеседі", - дейді Бауыржан Момышұлының келіні.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel