"Шығын аз": Мұхамедиұлы министр болған кезінде алған жалақысын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстанның Ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы министр қызметінде болғанда қанша жалақы алғанын айтты. Мәдениет және спорт министрлігін басқарған тұлға бұрынғы жұмыс орнында артық шығынға ұшырамағанын жеткізді деп жазады "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Еңбек жолында бірнеше басшылық қызметте болған Арыстанбек Мұхамедиұлы қай жұмысында көп ақша жұмсағанын айтып берді.
"Министр болғанымда миллион теңге жалақы алдым. Оның екінші жағы бар. Министр болсаң, шығының өте аз болады. Мысалы, қонаққа көп бармайсың. Әрдайым жұмыста жүресің. Жұмыс сапарларың мемлекет тарапынан төленеді. Көп шығын жоқ
Ал ректор болғанымда шығыным көп болды. Неге десеңіз, Алматыда болғанда міндетті түрде Дулат ағамыздың мерейтойы, Азаматтың тойы бар. Оларға қымбат бағалы сыйлық апаруың керек. Ректор болған соң, жақсы сыйлық аласың. Министрлікте көп қонаққа бармайсың" , - деді бұрынғы министр.
Оған қоса, Ұлттық мұражай басшысы достарының той-томалақтарына қанша қаржы апаратынын да жасырмады.
"Міндетті түрде конвертке жүз мың теңге саламын. Көңіл айту, ас, мерейтой болсын сол сомманы апарамын. Бірақ, шын айтсам, әлеуметтік жағдайы нашар азаматтарға біршама көп көмектесемін" , - деп ағынан жарылды Мұхамедиұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты даулы мәселеге пікір білдірген.
Сонымен қатар, шенеунік өзіне жала жауып, аяғынан шалмақ болғандарды да сөз етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825153-sygyn-az-mhamedily-ministr-bolgan-kezinde-algan-zalakysyn-ajtty-video/