RU
Мәншүк Мәметоваға арналған мүсін авторлары халықтан кешірім сұрады

Мәншүк Мәметоваға арналған мүсін авторлары халықтан кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Семейдегі Жеңіс саябағына Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіш авторлары елдің көңілінен шықпаған мүсін үшін халықтан кешірім сұрады. Айтуларынша, олар өздерінің туындылары арқылы жағымсыз әсер қалдырғылары келмепті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Семейдегі дау тудырған мүсін авторлары Юлия мен Иван Куртуковтар. Олар кешірімді Instagram әлеуметтік желісі арқылы сұраған.

Отбасылық жұп өздерін қалалық әкімдіктің шақырғанын, ескі ағаштарды іске асыруды ұсынғанын айтты. Жоспар бойынша, жұбайлардың жұмысынан соң, қалада жаңа арт-объектілер пайда болуы керек болған.

Мүсіншілердің сөзінше, олар бұған дейін де қалаға арналған тапсырыстарды орындапты. Олардың мүсіндері осы уақытқа дейін қала тұрғындарына ұнап келген.

Сөйтіп, олар Жеңіс саябағындағы ағаш діңін көріп, оны қайта өңдемек болады. Олардың идеяларын Семей билігі қолдап, жұбайлар ойлағандарын іске асыруға көшкен.

Куртуковтар алдын-ала ешқандай эскиз дайындамайтынын, барлық шешім мүсін жасау барысында қабылданатынын атап өтті. Дегенмен, ерлі-зайыптылар кезекті туындысы қала тұрғындарының тарапынан сынға ұшырайды деп күтпеген.

Әлеуметтік желілер арқылы жағымсыз пікірлер тарала бастаған соң, олар мүсінге демонтаж жасауды ұйғарады. Куртуковтардың сөзінше, олар ескерткішті алып тастауға тура келгеніне өкінбейді.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар ескерткішті ұнатпағандардың бәрінен кешірім сұрады.

"Біздің жұмысымызды ұнатпағандардан кешірім сұраймыз", - деп жазды олар.

Естеріңізке сала кетсек, күні кеше әлеуметтік желі арқылы тараған Мәншүк Мәметоваға қойылған ескерткіш қоғамның наразылығын тудырған болатын.

Артынша Семей әкімдігі халықтың көңілінен шықпағандықтан, мүсінді алып тастағанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
9
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel