RU
"Сабаққа келмей, баға алған": Ақтөбедегі беделді ЖОО проректорының ұлы желіні шулатты

"Сабаққа келмей, баға алған": Ақтөбедегі беделді ЖОО проректорының ұлы желіні шулатты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде Батыс Қазақстан медициналық университетінің проректоры Ләззат Жамалиеваның төңірегінде жанжал шықты. Болашақ дәрігерлер әлеуметтік желілерде "проректордың баласы - сол университеттің студенті сабаққа қатыспайды, бірақ үнемі жақсы баға алады" деген анонимді хат жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сабаққа келмей, баға алған": Ақтөбедегі беделді ЖОО проректорының ұлы желіні шулатты

Көрнекі фото: pixabay.com

Университет ректоры жағдайға түсінік берді. Бұрын оқу ордасының білім алушылары расымен де студент Анапин туралы хат жазып, сенім жәшігіне жіберген екен.

Кейін ЖОО басшылығының тапсырмасымен тергеу басталды. Клиникалық зерттеулер жөніндегі проректор Ғазиза Смағұлованың басқаруымен комиссия да құрылған. Нәтижесінде, белгісіз хаттарда көрсетілген фактілер ішінара расталыпты.

«Нәтиже мынадай: «Сириус» бағдарламасының көмегімен және декандар арқылы біз оның қыркүйек пен қазан айларында өткізген уақытын санадық. Олар 124 сағатты құрайды. Біздің академиялық саясатымызға сәйкес, егер студент семестр бойы себепсізден себепсіз 144 сағатты жіберіп алса, ол оқудан шығарылады», - дейді ректор М. Оспанов атындағы БҚМУ ректоры Мұрат Телеуов.

Сондай-ақ, кейбір мұғалімдердің аты әйгілі студенттің сабаққа келмеуін жасырғаны анықталды - олар электронды журналға Анапинді "аудиторияда болған" деп түзетулер енгізген.

Алайда комиссия мұның проректор Жамалиеваның нұсқауымен жасалғанын анықтаған жоқ. Сондықтан тек қарапайым мұғалімдер сөгіс алды.

«Оның баласы - кәмелет жасына толған ересек адам. Ол шешімді өзі қабылдайды. Оған сөгіс жарияланды.
Бірақ ұлына сөгіс айту да анасының беделіне қатты әсер етеді, ал университеттен шығару одан да жаман. Егер ол жіберілген сабақтарды қайта тапсырмаса немесе тағы 20 сағатты өткізіп алса, онда оқудан шығарылады», - деді ректор.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel