Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заттыбек он алты жыл күткен ұлының бір жас тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Танымал әнші, "хит" әндердің орындаушысы Заттыбек Көпбосынұлы қырықтан асқанда көрген ұлының бір жас тойын дүркіретіп өткізді. Мерекелік кеш Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші Бихан есімді атұстарының тұсау кесер тойына 500-ге жуық қонақ шақырған.

Мерекелік кеште алаштың ардақты азаматтары, ел ағалары, эстрада жұлдыздары, белгілі сазгерлер, театр саңлақтары, әзіл әлемінің арландары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ, көк туымызды желбіретіп жүрген спортшылар бой көрсетті.

Олардың арасында Қалдыбек Құрманәлі, Досымжан Таңатаров, Арман Бексұлтан, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Ғани мен Бота, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Еркін Нұржан, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, "Алдараспан", "Шаншар" театрларының жетекшілері мен әртістері, Асхат Садырбай, Фархат Байырбекұлы, Арман Оспанов және тағы басқа танымал тұлғалар болды.

Танымал өнер жұлдызы Асхат Тарғын Instagram желісіндегі парақшасында мерекелік кештің иесін құттықтауды ұмытпады.

"Заттыбек аға, Бихан ұлыңыздың 1 жас тұсау кесер тойы құтты болсын! Бір әулеттің емес, халықтың баласы болсын!" - деді әнші.

Абай Бегей де өнердегі әріптесіне жылы лебізін білдірді.

"Зәке досым, Алия кішкентай Бихан ұлымыздың 1 жас тұсау кесер тойы құтты болсын! Ел сыйлайтын ақылды, білімді, иманды азамат болсын деп тілеймін", - деді танымал әндердің орындаушысы желідегі парақшасында.

Биханның бір жас тойы тосын сыйға толы болды. Кішкентай бүлдіршіннің ел алдына шығуы көпшілікке үлкен әсер сыйлады.

Сондай-ақ, мерекелік кеште орын алған ерекше оқиғалардың бірі Нұрболат Абдуллин мен Әбдіжаппар Әлқожаның дуеті болып табылады.

Бұл туралы Нұрболат желідегі парақшасында өз ойын жеткізді.

"Күлкісі әдемі қыздар үшін ӘН дуэтінен бір ән болсын", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыдан бір жыл бұрын Заттыбектің қырықтан асқан шағында ұлды болғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828717-zattybek-lyny-tojyn-drkiretip-tkizdi-foto-video/

pixel