RU

Месси алтыншы рет "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Футболдан Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси мансабындағы алтыншы "Алтын добын" жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Лионель Месси. Фото: instagram.com/francefootba

Лионель Месси. Фото: instagram.com/francefootba: UGC

Мерекелік іс-шара Францияның астанасында өтті.

Eurosport.ru басылымының мәліметінше, Месси басты қарсыластары Вирджил ван Дейк пен Криштиану Роналдудан көп дауыс жинаған.

"Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы жылдың үздік футболшысын анықтау кешіне келмегені белгілі болды.

Өткен жылы Чемпиондар лигасынын жеңіп алған "Ливерпуль" клубының қос шабуылшысы Мохамед Салах пен Садио Мане төртінші-бесінші орындарды бөлісті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, "Алтын доп" жүлдесінің бес дүркін жеңімпазы Криштиану Роналды алғашқы үштікті қорытындылады.

Ал Голландия мен "Ливерпуль" құрамасының қорғаушысы Вирджил ван Дейк екінші орынды қанағат тұтты.

21 жаста дейінгі үздік футболшы болып "Ювентус" қорғаушысы Маттиас Де Лигт танылды. Ол Копа жүлдесін жеңіп алды.

Ал өткен маусымның үздік қақпашысына берілетін марапатқа "Ливерпуль" қақпашысы Алиссон Беккер ие болды.

Айта кетейік, Лионель Месси мансабындағы алтыншы рет "Алтын доп" жүлдесінің иегері атанды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Месси алтыншы рет "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды (видео)