Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді үшеу болдық": Атышулы қалаулымдық жұп ұлды болды (фото)

Опубликовано:

"Қалаулым" жобасының арқасында табысып, отбасын құрған Жанерке Елшін мен Еркебұлан Ахметбек ата-ана атанды. Атышулы бағдарламаның бұрынғы қатысушылары ұлды болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/elshinzhanerke. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/elshinzhanerke. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қуанышты жаңалықпен ең бірінші болып жас әке Еркебұлан бөліскен. Ол Instagram желісінде әйелі ұл босанғанын хабарлап, оқырмандарынан сүйінші сұраған.

"Бүгін ең қуанышты әрі естен кетпес сәт. Бүгін маған жаным ұл сыйлады. Аллаға шүкір деймін. Қазақ еліне тағы бір батыр қосылды. Екеу едік, енді үшеу болдық" , - деп жазды қуанышы қойнына сыймаған әке.

Тұңғышын дүниеге әкелген жас ана да өз парақшасында өзін құттықтап жатқан көпшілікке алғысын білдірген.

"Сүйінші. Аллаға мың да бір шүкір. Ерекең екеуіміз бүгін Ата-Ана атандық. Осы орайда барша әйелдер қауымына басымды иіп тұрып тағзым жасағым келіп тұр. Қуанышымызды ортақтасып, құттықтап жатқан әр жанға мың алғыс. Жұғысты болғай. Өз-өзіме келгесін, бар ақпаратпен бөлісе жатармын. Аллам күш берсін" , - деп жазды Жанерке Елшін.

Ата-ана болған жас жұбайларды барша "қалаулымдық" достарымен қатар, отандық шоу-бизнес өкілдері де құттықтап жатыр.

Ерлі-зайыптылар әзірге ұлына қандай ат бергенін құпия ұстауда.

Айта кетейік, бұған дейін Жанерке Елшін мен Еркебұлан Ахметбек жақында балалы болатынын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830315-endi-seu-boldyk-atysuly-kalaulymdyk-zp-ldy-boldy-foto/

pixel