Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Baby boom": Тағы бір қалаулымдық жұп ата-ана атанбақ (фото)

Опубликовано:

"Қалаулым" бағдарламасы арқылы табысқан Жанерке Елшін мен Еркебұлан Ахметбек жақын арада сәбилі болмақ. Атышулы жобадан кейін шаңырақ көтерген жұп өз оқырмандарына ата-ана болатынын жариялап, сүйінші сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған жас жұбайлар жақында тұңғыштары дүние есігін ашатынын көпшілікпен бөліскен. Алайда, тіл көзден қорыққан Жанерке мен Еркебұлан жүктіліктің алғашқы айларында жария етпеуді жөн көрген.

Ерлі-зайыптылар отбасы тағы бір адаммен толығатынын Instagram желісінде хабарлап, арнайы ерекше фотосессия суреттерін жүктеді. Фотолардан Жанеркенің іші шығып қалғанын көруге болады.

"Сүйінші! Маш Аллаh. Аллаға сансыз шүкір. Иә, жүрегімнің астында бүлкілдеп кішкентай ғана жүрекше соғып тұр. Көбіңіз, әсіресе, әйелдер қауымы көріп, сезіп, байқап жүрсіздер. Расымды айтсам, қалай айтарымды білмей, біраз ыңғайсыздандым. Қазір де емтихан тапсырардай қобалжып, жүрегім жарылардай болып жазып отырмын.
Қанша дегенмен, сіздер де менің бір отбасым болғандықтан, өз аузыммен айтқанды жөн көрдім. “Қуанышыңмен бөліссең, көбейеді,” - дейді атам қазақ. Ендеше, біз үшін жақсы тілекте, дұғада болыңыздаршы. Аллам өздеріңізге мың еселеп берсін" , - деп жазды Жанерке Елшін.

Айта кетейік, жақында Жанерке мен Еркебұланмен қатар, "Қалаулым" арқасында өмірлік серігін кезіктірген Камила Әділхан да балалы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821997-baby-boom-tagy-bir-kalaulymdyk-zp-ata-ana-atanbak-foto/

pixel