Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі өте керемет": 12 қайын апасы бар жас келіннің өмірі қалай өзгерді

Опубликовано:

Жақында ғана әлеуметтік желіде 12 қыздан кейінгі жалғыз ұл үйленгені туралы ақпарат тараған еді. Ерекше отбасыға келін болып түскен жас келін видео арқылы өзінің қазіргі жағдайы қандай екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Атыраудағы дүбірлі тойды бүкіл ел жарыса жазды. Таңданысын жасыра алмаған халықтың санында есеп болмады. Көпшілік жас келінге аяушылықпен қарап, оған сабыр тілегендер де табылды.

Алайда 13 құрсақ көтерген ақ жаулықты ана мен жап-жас келін қайын апаларының ортасында елге видео жолдаған.

"Мен 12 қыз бір ұлдың анасымын. Осы жақында ұлым маған аппақ келін сыйлады. Тәп тәтті. Мен ризамын. Аллаға шүкір" , - деді алтын құрсақты ана.

Тал шыбықтай иілген жас келін жолдасы "отбасымда 12 қыз бар" дегенде қатты таңқалғанын, дегенмен бәрі жақсы екенін айтты.

"Жолдасым 12 апам бар деп айтқанда сене аламадым. Ойнап тұрған шығар деп ойладым. Содан кейін қайын апаларыммен жайлап араласа бастадым. Желіде неше түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Сол әңгімеге жауабымды айтып кетейін деген едім. Ешқандай қорқыныш жағдайы жоқ. Бәрі өте керемет", - деп ағынан жарылды жас келіншек.

Еске сала кетсек, бұған дейін 12қыздан кейінгі үйдің сүт кенжесі үйленгені туралы хабарлаған едік. Дүбірлі той Атырау қаласында өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830347-bri-te-keremet-12-kajyn-apasy-bar-zas-kelinni-miri-kalaj-zgerdi/

pixel