Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Намаз оқы деген адам": Күйеуі өзге әйелмен сөйлескен келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Күйеуімен шаңырақ көтергеніне бес жылдан асқан келіншек желіде сырын ақтарды. Айтуынша, өзі жоқта жұбайы басқа әйелмен ұялы телефон арқылы бір айдай сөйлескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сезімі қалмаған": Әйел адам өзі жоқта өзге жанмен сөйлескен күйеуіне шамданды
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Тығырыққа тірелген әйел Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында мұңын шақты.

Келіншектің сөзіолар шынайы махаббатпен үйленбеген көрінеді. Алайда кейін күйеуіне ғашық болып қалыпты.

"Күйеуіммен бірге 4,5 жыл тұрып келемін. Бұрын оны қалай қатты жақсы көрсем, қазір де дәл солай шын жақсы көремін. Бір-бірімізді сүйіп қосылмадық. Бірақ мен оны сүйіп қалдым.
Қазіргі таңда екі баламыз бар. Бірі екіде, бірі бір жаста. Ата-енем ауылда, ал біз қалада тұрамыз. Жуырда ата-анамыздың халін біліп қайту үшін ауылға барып келгенмін, ал қайтып оралғанда оның мен жоқта басқа біреумен сөйлескенін білдім", - дейді кейіпкер.

Отбасын сақтап қалғысы келген келіншек сүйіктісінің опасыздығын кешірген. Дегенмен де күйеуінің өзіне деген қызығушылығы жоқ екенін байқаған.

"Бөтен әйелмен шамамен бір айға жуық хат жазысыпты. Одан мұндайды күтпеген едім.

Маған намаз оқы, орамал тағып жүр деген адам басқа біреумен сөйлесіп жүр. Мұндай ащы шындықты қабылдау маған қиынға түсті. Одан кейін шамамен екі ай өтті, кеткен жоқпын.

Алайда ішім алай-дүлей. Үнемі оның маған деген қызығушылығы жоқ секілді көрінеді. Мен ол үшін өзіме жиі қарайлап жүремін.
Қазіргі таңда тек балалар үшін бірге тұрып жатқан сияқтымыз. Маған деген сезімі қалмаған. Балаларды аяймын", - дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831189-sezimi-kalmagan-jel-adam-zi-zokta-zge-zanmen-sjlesken-kjeuine-samdandy/

pixel