RU

"Тальгодағы" зорлау ісі: Жолсеріктерге сот үкімі оқылды

Рассказать Вконтакте

Қостанай соты "Тұлпар-Тальго" пойызында қыз зорлады деп айыпталған екі жолсерікке қатысты жаңа үкімді шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Үкім бүгін, 25 желтоқсанда №2 Қостанай сотында шығарылды.

Сот жолсеріктерді кінәлі деп танып, олардың әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Олар жазаларын қауіптілігі орта деңгейдегі колонияда өтейтін болады.

Үкім оқылғаннан кейін жолсеріктердің туыстары шу шығарған. Олар бұл шешімді әділ деп санауға болмайтынын, айыптаушылардың жеткілікті дәлелдері жоқ екенін мәлімдеген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызында жантүршігерлік жағдай орын алған болатын.

Ақтөбелік тұрғын Нұр-Сұлтандағы іс-сапарынан үйіне қайтып бара жатқан жолда жолсеріктердің зорлық әрекетінің құрбаны болған еді.

Таяуда ғана бұл іске қатысты екі айыпталушыға сот үкімі шығып, олардың әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда соттың шешімі қоғамда үлкен резонанс тудырып, жұрт сотталушыларға кесілген үкіммен келіспейтіндіктерін жеткізген. Олардың арасында белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бар.

Кейін бұл іске бас көлік прокуратурасы назар аударып, сотқа қайта апелляциялық өтініш хат жолданды.

Қоғамда шу тудырған оқиға үшін ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов өз атынан және ҚТЖ атынан кешірім сұраған болатын. Кейін жолсеріктерге қатысты үкім өз күшін жойды.

Сондай-ақ, күні кеше аталмыш іске қатысты атышулы сот процесінің аяқталуға жақын екені, үкімнің 25 желтоқсанда оқылатыны хабарланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тальгодағы" зорлау ісі: Жолсеріктерге сот үкімі оқылды
Mailfire view pixel