RU
Алматыдағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың саны 14 адамға жетті

Алматыдағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың саны 14 адамға жетті

Рассказать Вконтакте

Алматы маңында Bek Air әуе компаниясы ұшағынаның апатқа ұшырауы салдарынан қайтыс болғандардың саны 14 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Басылымның мәліметінше, Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына 8 бала бірнеше жарақатпен, Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға 5 адам өте ауыр жағдайда жеткізілген.

Тағы 5 адам әртүрлі жарақатпен Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына түскен. №4 қалалық клиникалық аурханаға 17 науқас ауыр жағдайда жеткізілген.

Оқиға орнында 14 адам қаза тапқан.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кінәлілердің қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel