RU

"Сол жақ көкірегімнің ұшы кесілген": Алматыда зорлана жаздаған келіншек жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Жалақысын алуға барып, әріптестерінен зорлық көрген үш баланың анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Әйелдің сөзінше, қаскөйлер оны бірнеше сағат бойы қорлаған. Денесінде бірнеше қанды ісік қалып қойған, сондай-ақ ол өзінің зорланған-зорланбағанын нақты есіне түсіре алмай отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

34 жастағы әйел 29 желтоқсанда әріптестері хабарласқан соң жалақысын алмақ болып, жұмысына барған. Алайда келіншек ішкілік ішіліп отырған ер адамдардың үстінен түскен. Жайна олармен аға-қарындас болып жүргендіктен, арам пиғыл жасайды күтпепті.

"Омыртқам, қабырғам оң жақ, оң саным көгерген. Сосын денем неден екенін білмеймін, күйген деп айтады, сырылған, сосын сол жақ көкірегімнің ұшы кесілген. Қан ағып тұрған, осы жерлерім ғой. Бұл қайта кеткен түрі", - дейді жәбірленуші.

Келіншек өзіне қорлық көрсетіп жатқан сәтте туыс інісіне хабарласып үлгеріп, зорлық көріп жатқанын айтқан.

"Мен таксиге отырып, асығып барғанның өзінде 48 минутта жеттім. Телефон қолынан ұшып кеткен. Мен 27 минут бойы "Тиіспеші, шалбарымды шешпеші, ұрмаңызшы" деген сөзін естіп бардым. Барған кезде ол киімсіз жатты. Сосын бірден полицияны шақырдым", - дейді Марат Бекжанов.

Азаптау мұнымен бітпеген. Жәбірленуші келіншекті ауруханаға жатқызып, емдеместен сұрақ-жауап алуға шақыртқан. Полиция арызды қабылдаудың орнына екі тарапты татуластыруға үгіттеген көрінеді.

"Ең қорқыныштысы білесіз бе, полиция әр минуттың маңызды екенін біле тұра, қылмысты ашудың орнына, оны түн жарымда нотариустарға апарып, құжаттарға қол қойдыртқан. Қылмыскермен бір бөлмеге тастап кетіп, оңаша екеуара келісіңдер депті. Меніңше, мұны - тергеушінің заңға қайшы әрекеті деп бағалау керек. Әрі жемқорлыққа қарсы күрес комиетін іске қосқан жөн", - деді жәбірленушінің сенімді өкілі, құқық қорғаушы Дина Смаилова.

Ал қалалық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы (24 және 120) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, жәбірленушінің сот-медициналық сараптамадан өтетінін хабарлаған. Департаменттің айтуынша, ол зорлықшыға жазған арызынан бас тартқан.

Жәбірленушінің айтуынша, полицейлер мұны әлі есін жия қоймаған кезде жаздырып алған екен. Сондай-ақ зорламақ болған азамат келіншекке мамыр айына дейін 150 мың теңге тауып беремін деп, қолхат жазып беріпті.

Еске сала кетсек, Алматыда жалақысын алуға барған үш баланың анасын жұмысындағы ағайынды екі жігіттің ұрып-соғып, зорламақ болғаны туралы ақпарат тараған.

Жантүршігерлік оқиға "Не молчи KZ" қоғамдық қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған.

Әлеуметтік желідегі хабарламаға сәйкес, үш баланың анасы ғимараттарға сырлау, ақтау, левкас жасаумен айналысқан. 29 желтоқсан күні кешкі уақытта оған жұмысынан хабарласып, жалақысын алып кетуге шақырған.

Сондай-ақ, бұған дейін 34 жастағы зәбір көрген әйелдің шағымынан бас тартып, қарсы арыз түсіргені хабарланған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Сол жақ көкірегімнің ұшы кесілген": Алматыда зорлана жаздаған келіншек жанайқайын жеткізді
Mailfire view pixel