БАҚ: Қазақстан азаматы шетелде сәбиді көлікпен қағып, елге қайтып кеткен (фото)
Опубликовано:

20 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореядағы Чханвон қаласында үйіне бара жатқан 7 жастағы баланы көлікпен қағып кеткен деп хабарлайды Kukmin Ilbo сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оқиға 18 қыркүйек күні 15:30 шамасында болған. Полицияның мәліметінше, жас жігіт жол-көлік оқиғасының келесі күні мемлекеттен кеткен.
Бүлдіршін ауыр жарақат алды. Балақаға ота жасалды. Қазіргі уақытта ол қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

Баланың әкесі Көгілдір үйге (Оңтүстік Корея президентінің ресми резиденциясы) петиция жазып, оның баласын қағып кеткен адамды тауып, жаза тағайындауын сұрапты.
Кореяның әділет министрлігі қазақстандық жігітке экстрадация сұратты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817857-bak-otstik-koreada-klikpen-bala-kakkan-kazakstan-azamaty-elge-syp-ketken-foto/