jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы Bek Air ұшағының апаты: Тергеудің алдын ала нәтижелері белгілі болды

    : Getty Images

    Бүгін елордада Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты құрылған үкіметтік комиссияның отырысы өтті. Кездесу барысында әуе апатына не себеп болғаны жайлы алдын ала болжамдар айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Роман Скляр. Фото: time.kz
    Роман Скляр. Фото: time.kz: UGC

    Тікелей эфир Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook парақшасында көрсетілді.

    Жиынға премьер-министр орынбасары Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко және БАҚ өкілдері қатысты.

    Хабарланғандай, әуе кемесін ұшу алдындағы тексеру ешқандай олқылық анықтамапты. Ұшақ көкке көтерілуге толық көлемде дайын болған екен.

    "Алайда, мұзға қарсы сұйықтықпен жұмыстар жартылай жүргізілген. Командирдің шешімімен ұшақтың қанаттары өңделмеген", - деді Скляр.

    Оның сөзінше, әуе лайнерінің апатқа ұшырауының басты нұсқасы - ұшақтың мұздануы.

    Қара жәшік талдауының деректеріне сәйкес, ұшу процесінде авиациялық техникада және қозғалтқыш жұмысының штаттан тыс жүйесінде істен шығу белгілері анықталмаған.

    Естеріңізге сала кетейік, Bek Air ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңында апатқа ұшырады. Мемлекет басшысы 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

    Алматыдағы Bek Air ұшағының апаты: Тергеудің алдын ала нәтижелері белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.