Выйти
RU

Қазақстанда шетелдік көлікті тіркеу қанша тұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы әкімшілік полиция бастығы Жандос Мұраталиев Қазақстанда шетелдік көлікті тіркеу қанша тұратынын айтты. Анық болғандай, қазақстандықтарға біраз шығындалу қажет деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мұраталиевтің сөзінше, тіркеу құны көліктің қай жылы шыққанына, қай мемлекеттен жеткізілгеніне, көлеміне және тағы басқаға байланысты.

"Кедендік баж салығын есептеу біздің құзыретімізге кірмейді. Мамандандырылған ХҚКО-да кеденшілер мен мемлекеттік кірістерге арналған арнайы терезе бар",- деді ол.

Әр ведомство қазақстандықтың өз көлігін рәсімдеу үшін қанша төлеу керек екені жайлы ақпарат береді. Барлық мемлекеттік баж төленген соң ол темір тұлпарын тіркей алады.

Әкімшілік полиция бастығының айтуынша, шетелдік авто иелеріне көлікті тіркеу үшін 500-600 мың теңгеден 3-4 млн теңгеге дейін төлеу қажет. Айта кетерлік жайт, елімізде оң рөлді көліктерді тіркеу мүмкін емес, себебі оларға рұқсат жоқ.

Одан бөлек, Қазақстанда тіркеуге тұратын көліктерде бұғаттауға қарсы тежегіш жүйе, алдыңғы қауіпсіздік жастықтар, Isofix бекіту жүйесі болуы міндетті.

Айта кетейік, 16 қаңтарда көліктері тіркелмеген Ақтау мен Жаңаөзен қаласы тұрғындары митингке шықты. Наразылық акциясы екі қалада бір сағаттық айырмашылықпен өтті. Бейбіт шеруге қатысушылар шетелдік нөмірлерді тіркеу талаптарына наразылық білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда шетелдік көлікті тіркеу қанша тұрады