Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қандай күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты жанжал жаңа сипат алды. Осыған дейін Қазнетте шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейінірек ҰҚК өңір басшысының қылмыстық іске қатысы бар екенін растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov: UGC

ҰҚК баспасөз қызметінде Бақауовтың лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді. Күдікті аталған құқықбұзушылық үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Время" басылымы желіде алғашқы күні тараған хабарламадан соң пайда болған тағы бір ақпаратты анықтады. Онда Болат Бақауовтың "Сапа+" ЖШС негізін қалаушысы әрі бірінші басшысы, кәсіпкер Мақсат Нұритдиновтің мүдессін лоббилендіруге қатысы бар болуы мүмкін екені айтылады. Компания қызметі жол жұмыстарына бағытталған.

Хабарламада кәсіпорынның табысты екені, ал 2016 жылы билік басына Бақауов келген соң ЖШС-ның салық аударымдары артқаны көрсетілген. Алғашында компания бюджетке 40 млн теңге төлесе, 2017 жылы аталған көрсеткіш 135 млн теңгеден асып кеткен.

Сонымен қатар, редакция мемлекеттік сатып алулар сайтын тексеріп, ЖШС табысты қызметін Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағында жүргізіп жатқанын анықтады. "Сапа+" 7 млрд теңге тұратын мәмілелерге қол қойғанымен, барлық келісімшартты орындай алмаған.

Хабарламада айтылғандай, Нұритдинов облыс әкімдігіне авиациялық терминалға бейімдеу жоспарланған, аумағы 324 шаршы метрді құрайтын ғимаратты 240 млн теңгеге сатқан.

Алайда, ішкі мемлекеттік аудит және жер инспекциясы департаменті жүргізген тексеру барысында мемлекет қаржысына сатып алынған нысан аэродром талабына сәйкес келмейтіні анықталады. Болжам бойынша, 16 қаңтар күні шенеуніктің ұсталуына басты себеп сол болып отыр.

Одан бөлек , желідегі аудиожазбада ғимаратты сатып алу ісіне өңір басшысымен қатар, Баянауыл ауданының экс-әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтің қатысы бар екені айтылады.

Алайда, хабарлама желіде жаппай тараған соң экс-шенеунік журналистерге хабарласып, қылмыстық іс пен әкімнің ұсталғанынан бейхабар екенін жеткізген.

Сонымен қатар, басылым бұл даудағы сәйкессіздікке баса назар аударды. Тараған хабарламада қылмыстық істің лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану бабы бойынша қозғалғаны айтылса, ҰҚК шенеуніктің билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғанын мәлімдеді. Ал бұл қазақстандық заңнамадағы екі түрлі бап. Осылайша, газет редакциясы желіде ескен хабарламаның шынайылығына күдік келтіруде.

Иеліктегі барлық ақпаратқа қарамастан, редакция өз нұсқасын ұсынуды жөн көрген.

Басылым Бақауов пен облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысы м.а Бауыржан Айнабеков арасындағы қарым-қатынас жақсы емес деп болжап отыр.

Газет редакциясы шенеунік Павлодар облысы әкіміне 2020 жылға жоспарланған тексерістерді хабарлады, артынша кімді мұқият тексеріп, кімге қол тигізбеу қажет екені айтылған нақты тапсырма алды деп есептейді.

Журналистердің айтуынша, аталған ақпарат алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегілерге, кейіннен Бас прокуратураға жеткен. Ал олар істі ҰҚК-ге жолдауды дұрыс деп тапқан.

Материалды пайдалану және көшіріп басу тек "Издательство "Время" ЖШС рұқсатымен жүзеге асады

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836656-pavlodar-oblysyny-kimi-bolat-bakauov-kandaj-kdikke-ilindi/