Выйти
RU

"Алаңдаймын": Қайрат Нұртастың әйелі коронавируске қатысты дабыл қақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы кезде дүйім жұртты дүрліктірген коронавируске қатысты өз ойын білдірді. Хитменнің әйелі Қытайда өтуі тиіс болған теннис турнирінің Қазақстанда өтетініне алаңдаулы екенін жеткізді. Ол көпшілікті сақтанып жүруге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficia. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficia. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жазба жариялап, соңғы кезде көпті алаңдатып жүрген аса маңызды тақырыпты көтерді. Ол Қытайда 80-нен аса адамның өмірін қыршынынан қиған вирусқа қатысты пікір білдірген.

"Қазір елдің елең ететіні - коронавирус. Сақтансаң сақтармын деген, бәрінен бұрын балалар үшін алаңдаймын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көпшілік жүретін қоғамдық орталарда маска киіп жүруді, қолды сабындап жууды, температурасы жоғары адамдардан алшақ жүруді ескертіп, дабыл қағуда. ⠀ Қытайда вирустан көзжұмғандардың саны 80-ге жеткенін оқыдым. Күн санап көбейіп жатыр. Халықаралық теннис турнирі коронавирусқа байланысты Қытайда емес, Қазақстанда өтетін болыпты. Бұл дегеніңіз шеттен қаншама ойыншылар келеді, жанкүйерлер келеді деген сөз. Өздерімен өздері тыныш келіп, тыныш кетсе екен деп тілеймін. Сіздер де сақтанып жүріңіздер" , - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекаралардың жабылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алаңдаймын": Қайрат Нұртастың әйелі коронавируске қатысты дабыл қақты