RU
Шетелдік көлік иелері Қазақстан қазынасына қанша ақша төлеуі қажет

Шетелдік көлік иелері Қазақстан қазынасына қанша ақша төлеуі қажет

Рассказать Вконтакте

ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Серік Түсіпов армян және қырғыз автокөліктерінің иелері бюджетке төлеуі тиіс баж салығының мөлшері туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Түсіпов мемлекеттік баж салығының мөлшері Қазақстанның салық заңнамасына сәйкес белгіленгенін және барлығына бірдей қолданылатынын атап өтті.

"Олар техникалық құжат пен мемлекеттік нөмір үшін 10 мың теңге көлемінде және транспорттық құралдың шығарылған жылы мен бастапқы тіркеу жарнасы үшін 600 мың теңгеден бастап миллионнан сәл көбірек төлеуі керек", - дейді ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ маманның сөзінше, тіркеу мерзімі максималды түрде таңдалған. Яғни, шетелдік көлік иелері дүрлікпей-ақ темір тұлпарларын біздің елге тіркей алады.

Сонымен жеңілдік кезеңі осы жылдың ақпан айында басталып, 2021 жылдың наурызында аяқталады. Осы мерзім ішінде жүргізушілер тіркеуден өткеннен кейін баж салығын төлеуіне болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары журналистерге Қазақстанда тіркелгеннен кейін ЕАЭО елдерінен әкелінген барлық көліктерге ілу жоспарланған нөмірлік белгілердің алғашқы үлгісін көрсеткен еді.

Олар сары түсті және өңірлік нөмірдің орнына 18 саны болмақ.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктер кабинетінің отырысында Қырғызстан, Ресей мен Армениядан әкелінген автокөліктер мәселесіне қатысты пікір білдіріп, президент көлік иелеріне көлікті ресімдеу немесе елден шығару үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін уақыт берген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel