Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдар Bek Air ұшағымен апатқа ұшыраған директорының жағдайын айтты

Опубликовано:

Әнші Ернар Айдар Алматы маңында апат болған Bek Air ұшағынан зардап шеккен директорының бүгінгі хал-жағдайын айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, осы күнге дейін Дәулет Қожабергенге төрт-бес ота жасалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ernar_aidar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ernar_aidar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ернар Айдар желі қолданушыларына директорының жағдайын Instagram парақшасында баяндады.

"Ескерте кетейін, апат болған Bek air ұшағында менің інім, бауырым, директорым Дәулет Қожаберген де болған. Қазір төртінші қалалық больницада жатыр. Осы уақытқа дейін төрт-бес операция жасалды. Дәрігерлер "уақыт керек, әлі біраз жатады" деп жатыр. Қазір анау дейміз, мынау дейміз, ең бастысы аман қалғаныңа шүкір.
Ал үш-төрт күн бұрын Дәулетке ауырлау операция жасалды, жүрегім ауырып кетті. Алладан осы операцияның нәтижесі жақсы болуын тілеймін, дертіне шипа тілеймін, сабыр тілеймін. Менің өмірімнің мәніне айналған жаным бауырма, Дәукабайыма дұға етіп қойыңыздаршы. "Ау аға, болды аға, қазір аға" деген сөздерің маған таудай күш-қуат екенін білесің, сол үшін еркелей бермей тез тұруға тырыс" , - деп жазды өнер иесі.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Зардап шеккендердің арасында әнші Ернар Айдардың директоры Дәулет Қожаберген де болғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838319-ernar-ajdar-bek-air-sagymen-apatka-syragan-direktoryny-zagdajyn-ajtty/

pixel